Неге Кагоцел®?
Емдеудің бірінші тәулігінен бастап симптомдардың айқындығын төмендетуге көмектеседі 2
бірінші 24-36 сағатта дене қызуы төмендейді, бұлшықет пен буындардың сырқырауы және қабыну процестері азайтылады, уыттану синдромы азайтылады.
Кагоцел® препаратының әрекет ету механизмі вирус түріне қарамай* оның тиімділігін қамтамасыз етеді 1
тұмау мен ЖРВИ қоздырғыштарының 200** астам түрлеріне қарсы, сондай-ақ ұшық кезінде.
Ауру мерзімдерін азайта алады және асқыну санын 2 есе төмендете алады
Кагоцел® препаратын профилактикалық қабылдау аурулардың жиілігін 2,5 есе және асқыну қаупін 2 есе азайтуға көмектеседі. 2,3
КагОцел® ЖРВИ-мен ауырып жатқан адамға жанасудан кейін жоспарлы және шұғыл профилактика үшін қолайлы1
НұсқаулықЕмдеудің қысқа курсы
небәрі 4 күн.
Оңай қолданылады1
тамақ ішуге қарамай қабылдауға болады.
Қауіпсіз4-8
препараттың қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен расталған.
Балалар мен ересектер үшін1
ересектер мен 3 жасқа толған балаларда ЖРВИ және тұмауды емдеу үшін рұқсат берілген.
Кагоцел® ағзаның өз күшін инфекциямен күреске жұмылдыру арқылы тұмаудың және ЖРВИ қазіргі уақытта белгілі барлық қоздырғыштарына қатысты көмектеседі. Препарат адамның жеке интерферондарын ― жоғары вирусқа қарсы белсенділігі бар ерекше ақуыздарды өндіруді белсендіреді. Қорғаныс ақуыздар-интерферондардың жоғары мөлшері адамның қанында Кагоцел® препаратын бір рет қабылдағаннан кейін 4-5 күн ішінде байқалады. Демек, ағза ЖРВИ немесе тұмаудың ауру тудырғыш вирус-қоздырғыштарының шабуылын сәтті түрде еңсеруге дайын.1
НұсқаулықДәлелденді:
Кагоцел® тұмаумен және басқа ЖРВИ-мен ауру қаупін айтарлықтай10 төмендетуге, ал асқынулардың даму қаупін — 3-5 есе азайтуға қабілетті
16 жыл бойы
зерттеулер
88
клиникалық
жұмыстар
Шығарылатын
түрлері
Ыңғайлы қаптамалары препаратты курстық қабылдау үшін қолайлы.
Нұсқаулық3 жасқа толған балалар үшін
Ересектер үшін
Кагоцел® — ересектерге және 3 жасқа толған балаларға арналған заманауи вирусқа қарсы құрал
Кагоцел® тұмаудың және ЖРВИ қазіргі уақытта белгілі барлық қоздырғыштарына қатысты тиімді болуы мүмкін - ол ағзаның өз күшін инфекциямен күреске жұмылдыруға ықпал етеді.
Бағасын білуСұрақтар мен жауаптар
Кагоцел® неден көмектеседі?
Кагоцел® дәрілік препараты вирусқа қарсы дәрілік құрал болып табылады.
Нұсқаулыққа сәйкес, Кагоцел® ересектерде және 3 жасқа толған балаларда тұмау және басқа жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) кезінде профилактикалық және емдеу құралы ретінде, сондай-ақ ересектерде ұшық шыққан кезде емдеу құралы ретінде қолданылады.
Кагоцел® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болады ма?
Нұсқаулыққа сәйкес, Кагоцел® препаратын клиникалық деректердің болмауына байланысты жүктілік және сүт шығу кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Жүктілік және сүт шығу кезеңінде дәрілік заттарды тағайындау үшін дәрігерге жүгіну қажет.
Балаларға Кагоцел® препаратын беруге болады ма?
Иә, Кагоцел® препаратын балаларда тұмауды және ЖРВИ емдеу және алдын алу үшін қабылдауға болады.
Нұсқаулыққа сәйкес, Кагоцел® 3 жасқа толған балаларда тұмауды және ЖРВИ емдеу және алдын алу үшін қолдануға болады.
Covid-19-бен күресу регламенттерін және Кагоцел® препаратын қолдану ұсынымдарын қайда қарауға болады?
Реттеуші органдар мен ғылыми қоғамдастықтар COVID-19-бен күресу регламенттерін жасаған кезде интерферон индукторлары мен Кагоцел® препаратын сараланбаған этиологиядағы кез келген ЖРВИ емдеу, сондай-ақ пандемия кезеңінде кез келген ЖРВИ таралу кезеңінде (COVID-19 қосқанда) олардың алдын алу үшін бөлек атап өтті:
— «Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алу, диагноз қою және емдеу (COVID-19)» уақытша әдістемелік ұсынымдары (16 нұсқасы 18.08.2022 ж.), РФ Денсаулық сақтау министрлігі
— «Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алу, диагноз қою және емдеу (COVID-19)» уақытша әдістемелік ұсынымдары (12 нұсқасы 21.09.2021 ж.), РФ Денсаулық сақтау министрлігі
Сілтемелер
- Кагоцел® дәрілік препаратын медициналық қолдау бойынша нұсқаулық, 25.04.2023 ж. ТК ЛП-N(002233)-(РГ-RU)
- Максакова В. Кагоцел® препаратын тұмауды және басқа жіті респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу және алдын алу үшін қолдану // Медлайн Экспресс. – 2009. – № 1 (201). – 42 – 46 б.
- Сологуб Т. В., Цветков В. В. Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеудегі Кагоцел: клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша деректерді талдау және жүйелеу // Терапиялық мұрағат. – 2017. – 89 т., № 8, 113–119 б.
- Боровская Т. Г. Отандық вирусқа қарсы Кагоцел препаратының қауіпсіздігі / / Терапиялық мұрағат. – 2017. – № 11. – 93–99 б.
- Киселева И. В., Рудой Б. А., Пирогов А. В., Толмачева Н. Г. ЖТСХ валидациясы - «Кагоцел» субстанциясында госсиполды анықтау әдістемелері // Фармация. – 2016 – 65 Т., № 8, 18 – 24 б.
- Синицын А. П., Хотченков В. П., Рудой Б. А., Казаишвили Ю. Г. Адамның ас қорыту сөлдерінің еліктегіштерінің әсерінен «Кагоцел» препаратынан бос госсиполды босату мүмкіндігін бағалау // Фармация. – 2017. – 66 Т., № 5. – 41 – 47 б.
- Боровская Т. Г., Машанова В. А. Кагоцел препаратының репродуктивті функцияға оның жетілмегендік кезеңінде профилактикалық курстармен енгізілуіне әсерін эксперименттік бағалау / / Антибиотиктер және химиотерапия. – 2017. – Т. 62. – № 3 – 4.
- Силина Е. В., Шевченко С. Б., Гроппа Л. Г., Еганян Г. А., Корсантия Б. М. ЖРВИ мен тұмаудың дәрілік терапиясын талдау және науқастармен қанағаттану: FLU-EE когорттық халықаралық бақылау зерттеулерінің нәтижелері // Емдеуші дәрігер. – 2017. – № 7. – 1 – 8 б.
- Фазылов В. Х. ЖРВИ мен тұмауды күнделікті клиникалық тәжірибеде емдеу (FLU-EE көп орталықты халықаралық бақылау зерттеулерінің нәтижелері). Терапиялық мұрағат, 11. 2016.
- Петров В. А., Родионова Н. В., Назарочкина О. В., Полежаева М. А., Разуваев О. А. 2017-2018 жылдың эпидемия алдындағы кезеңінде ЖРВИ және тұмауды алдын алу кезінде Кагоцелдің эпидемиологиялық тиімділігі // Емдеу дәрігері. – 2018. – № 6.
- 2021 жылы Ресей Федерациясындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатының жағдайы туралы: Мемлекеттік баяндама. М.: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқаты саласында қадағалау жөніндегі федералдық қызмет, 2022. 340 б.
- Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алу, диагноз қою және емдеу (COVID-19) уақытша әдістемелік ұсынымдары. «18.08.2022 ж. 16-нұсқа».
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері https://www.who.int/ru
- «Ересектерде жіті респираторлық вирустық инфекциялар» клиникалық ұсынымдары. Мәскеу, «Ұлттық инфекционисттер ғылыми қоғамы» коммерциялық емес серіктестігі.
- *интерферондардың әсері ЖРВИ тудырған вирус түріне байланысты емес
- **ЖРВИ қоздырғыштарының 200 астам түрлері белгілі